17 қараша 2016 17:05

Илья Ильин қайтадан студент атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Vesti.kz © Vesti.kz

Илья Ильин студент болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл жаңалығын спортшы Instagram арқылы бөлісті.


Илья Ильин студент болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл жаңалығын спортшы Instagram арқылы бөлісті.

"Бәріңе қайырлы күн, достар! Барша студенттерді Студент күнімен құттықтаймын! Осы сәтті пайдалана отырып, мен қайтадан Студент болғанымды айтқы келеді! #ALMA @almau_edu университетінде #MBA мамандығы бойынша білім аламын, мені құттықтап қойыңыздар", - деп хабарлады Илья Ильин өз парақшасында. 

2016 жылдың 4 қарашасында Олимпиаданың екі дүркін чемпионы Илья Ильин ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы жетекшісінің кеңесшісі қызметіне тағайындалғаны белгілі. 

Еске салайық, спортшы қазіргі кезде Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) шешімін күтіп отыр. Мұның алдында ауыратлеттің қанынан 2008 және 2012 жылғы Олипиадалары сынамалары бойынша допинг табылғаны хабарланған болатын. 

Мұның алдында ХОК Светлана Подобедова, Зүлфия Чиншанло мен Майя Манезаны допинг сынымылары расталғаннан кейін 2012 жылғы Олипиаданың алтынынан айырған, ал еркін күрес палуаны Таймураз Тигиевті 2008 Олипиаданың күміс жүлдесінен айырған болатын.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети