Илья Ильин: Мен алтындарымды бергім келмейді, мен оларды адал жолмен жеңіп алдым

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Олимпиада чемпионы Илья Ильин Астанада тілшілердің сұрағына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Олимпиада чемпионы Илья Ильин Астанада тілшілердің сұрағына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Не болды? Адал жеңіп алған екі медалімді қазір алып жатыр. Осыны айта аламын. Мен медальдарымды бергім келмейді, себебі мен оларды адал жеңіп алдым, адал алдым", - деді Ильин. 

"Мен өзіме сенімдімін. Сондықтан да күресемін", - деді ол тілшілердің сұрағына жауап беріп жатып. 

Ол қолдау көрсетіп жатқан қазақстандықтарға алғыс айтты. "Тіпті көшедегілер де "Илья, жарайсың, біз сенімен біргеміз" деп жатады. Сенім білдіріп жатқан барлығына алғыс айтамын", - деді Ильин. 

"Медальді мойныма іліп жатқанда барлығы таза болды. Қазір барлық тараптан қысым түсіп жатыр деп болжам айта аламын. Біріншілен, сынамаларды іріктеп алған. Бұл түсініксіз. Алсақ, барлығын бірдей алайық. Меніңше, кімнің сынамасында тыйым салынған зат табылуы тиіс болса табылып, болмауы тиіс болса, табылмайды. Әрине, ешкімнің көңіліне тигім келмейді", - деді спортшы. 

"Мен бүгін де, кеше де Ауыр атлетика федерациясымен сөйлестім. Жиналып, шетелдік заңгерлер жайында әңгімелестік, себебі бізде тіпті де тәжірибе жоқ. Біздің ел жас және спортта соттасатын жағдайға жетті. Бұл үлкен спорт, бұл бұрыннан-ақ әлемдік тәжірибе. Бұл жаңалық емес, спорт, допинг, спортшылар, оның үстіне үлкен саясат бар, барлығы бірдей келе жатыр. Қаласақ та, қаламасақ та, әлемдік заңгерлермен бірге жұмыс істеуге тура келеді және жағдайды осы тұрғыда шешуіміз керек. Медальдарымызды алып қалу үшін жұмыс істейміз. Мен оларды өз еңбегіммен әділ түрде жеңіп алдым. Мен жыл сайын допинг-сынағын тапсырамын, биыл мен екі рет, үш рет допинг бақылауынан өттім. Ештеңе табылған жоқ. Ал қазір: міне сізге, жасап отырғандары! Бұлай жасауға болмайды", - деді ол.

Еске салайық, осыған дейін Ильиннің Лондонда 2012 жылы өткен Олимпиадада алынған сынамасында қанында тыйым салынған заттардың бар болып шыққаны белгілі болған еді. Сонымен қатар, тағы үш қазақстандық ауыратлеттің қанынан допинг табылған болатын. Кейін Ильиннің 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасындағы допинг-сынамасы тыйым салынған заттың барын көрсетті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro