Илья Ильиннің бапкері Тойшан Бектеміров қызметінен кететіні туралы мәлімдеді. Бұл туралы ол Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты. Қазақстандық маман допинг дауына қатысты өзінің көзқарасын айтып, шулы істе пайда болған мәселер жайында сөйледі.
Илья Ильиннің бапкері Тойшан Бектеміров қызметінен кететіні туралы мәлімдеді. Бұл туралы ол Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты. Қазақстандық маман допинг дауына қатысты өзінің көзқарасын айтып, шулы істе пайда болған мәселер жайында сөйледі.
"Мен өзімнің жұмыстан кетуім жайлы айтқым келеді. Мәселе отставкаға кету жайында емес, жұмыстан кету жайында. Ильяның бапкері бола отырып, оған көмектесіп еліміздің, халықтың, Президентіміздің алдында үлкен жауапкершілікті сезінесің. Еліміздің туын көтеретін біздер... Сондықтан мен осы қызметтен кетуді шештім. Біз халықтың қандай пікірлерді жазып жүргенін білеміз, оқимыз. Адамдар неге спортшыларды жазалайды да, олардың бапкерлерін жазаламайды деген сұрақтарды қойып жатады. Әсіресе, Илья Ильин туралы сөз болғанда осыны көп естисің. Сол себепті мен Ұлттық штаттық командалардың Дирекциясымен келісімшартты бұздым", - деп мәлімдеді Тойшан Бектеміров.
Сондай-ақ, Ильиннің бапкері оның бұл шешімді қабылдауға ешкім мәжбүрлемегенін және ешкімнің қысым көрсетпегенін айтты. Ең қызығы, Илья Ильин оның бұл мәлімдемесі жайлы білмейді екен.
Оның айтуынша, ол ауыратлеттің бапкері бола тұрып, мұндай жағдайда айлық алуға немесе жұмысты әрі қарай жалғастыруға лайықты емес. "Барлығы да Ильяның Риода өтетін Олимпиадаға бармайтынын біледі. Бұл құпия емес. Олимпиадаға баратын спортшылардың тізімі де жасалып қойды. Меңінше, маған да бұл жақтан кету керек", - деді бапкер.
Айта кетейік, бапкер енді немен айналысатыны жайлы да айтып өтті. "Әлі ойланамын. Отбасым, бала-шағам бар. Әзірше басқа жұмыс таппадым. Іздеген де жоқпын. Залға барып жүрмін, жұмыс та бар. Себебі, қазір командамызда Риоға баратын екі ауыратлет бар - Александр Зайчиков пен Денис Уланов. Оларды соңына дейін дайындау керек", - деді Тойшан Бектеміров.
Еске салайық, маусым айының басында шетелдік ақпарат құралдары қазақстандық ауыратлеттердің қанынан допинг табылғаны жөнінде хабарлаған болатын. Олардың мәліметінше, Илья Ильин мен Зүлфия Чиншанло алдағы Олимпиада ойындарына қатыса алмауы мүмкін. Кейін Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитеті қазақстандық спортшылардың "Б" допинг сынамаларының қосымша тексерілу процедурасын растап, бес зілтеміршінің қанынан табылған заттардың күмән туғызғанын хабарлады.