19 қыркүйек 2014 | 21:31

Инчхонда ХVІІ жазғы Азия ойындары ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Инчхон. Қазақстан делегациясы. Фотоны түсірген – Никита Басов Инчхон. Қазақстан делегациясы. Фотоны түсірген – Никита Басов

Осыдан бірер сағат бұрын Инчхонда ХVІІ жазғы Азия ойындарының ашылу салтанаты өтті, - деп хабарлайды Оңтүстік Кореядан "Алаш айнасының" арнаулы тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Осыдан бірер сағат бұрын Инчхонда ХVІІ жазғы Азия ойындарының ашылу салтанаты өтті, - деп хабарлайды Оңтүстік Кореядан "Алаш айнасының" арнаулы тілшісі.

Ашылу салтанаты мейілінше қарапайым сценарийде ұйымдастырылды. Әйтсе де, ұйымдастырушылар Корея халқының жылылығы мен достық пейілін паш етуге тырысты. Театрландырылған қойылымдар Кореяның тарихы мен мәдениетін тереңнен бойлауға негізделді.

Сондай-ақ ХVІІ жазғы Азия ойындарының ашылу салтанатында Оңтүстік Кореяның поп-жұлдыздары өнер көрсетіп, жергілікті халықтың қошаметіне ие болды.

Стадион орындықтардың арқалығына бекітілген арнайы электроникалық қондырғылардың (ұзын шамдардың) көмегімен түрлі-түске бөленіп, түн қараңғысымен Инчхонды әсем көрініске бөледі. Отшашулар да әсерлі болды.

Ал ХVІІ жазғы Азия ойындарына қатысатын мемлекеттрдің делегациялары ортаға (стадионға) Корея әліпбиі бойынша шығып отырды. Қазақстан делегациясы осы шерудің аяғына қарай көпшілік назарын өзіне аударды.

Еліміздің көк байрағын боксшы Әділбек Ниязымбетов ұстап шықты. Ол ұлттық киімімізді киіп, делегацияның ең алдында ерекше көзге түсті. Жалпы, ту ұстаушылар арасында өз елінің ұлттық киімін киіп шыққандар өте аз, саусақпен саналықтай ғана болды.

Біздің спортшыларымызды стадионға жиналған жерлестеріміз, атап айтқанда, журналистер, бапкерлер, ертең сынға түсетін спортшылар және Қазақстан делегациясына бөлінген аудармашылар қолдап, қошамет көрсетіп отырды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети