23 қыркүйек 2014 | 16:26

Инчхонда стенд атудан алтын "атып" алдық

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мария Дмитренко. Фото: zimbio.com Мария Дмитренко. Фото: zimbio.com

Инчхонда өтіп жатқан ХVІІ жазғы Азия ойындарының төртінші күні қоржынымызға үшінші алтын түсті, деп хабарлайды Оңтүстік Кореядан "Алаш айнасының" арнаулы тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Инчхонда өтіп жатқан ХVІІ жазғы Азия ойындарының төртінші күні қоржынымызға үшінші алтын түсті, деп хабарлайды Оңтүстік Кореядан "Алаш айнасының" арнаулы тілшісі.

Кеше түнде ғана нысана көздеуші мергендерімізге бағыттап, өз наразылығымызды білдіріп едік. Бүгін олардың сүреңсіз өнерлерін стенд атушы қыздарымыз жуып-шайып, ел қоржынына алтын салды.

Анастасия Давыдова, Мария Дмитренко және Оксана Середа трап жаттығуының командалық сынында 203 ұпай жинап, Азия ойындарының чемпиондары атанды. Қытай қыздары 199 ұпаймен екінші орынға, ал Солтүстік Корея арулары 198 ұпаймен үшінші орынға ие болды.

Електік сындағы нәтижелерінің қорытындысы бойынша Анастасия Давыдова мен Мария Дмитренко жекелей сында жартылай финалға шыққан. Бірақ Мария жартылай финалдан шыға алмай, ал Анастасия үшінші орын үшін ғана таласу құқығына ие болды. Алайда қола жүлде үшін өткен сында бағы жанбады.

Есесіне, бізде алтын бар! Құрайлайды көзге атқан қыздарымыз жарады! Командалық сында теңдессіз шықты. Бірінші кезекте стенд атудан Қазақстан федерациясының президенті Тимур Исатаевтың ерен еңбегін атап өту керек деп ойлаймыз.

Бірнеше жыл бойы Алматының іргесіндегі Асанов атындағы атқыштар клубында халықаралық турнирлер өткізудің пайдасы тиді. Халықаралық сындарда ысылған стенд атушы мергендеріміз осындай жоғары көрсеткіштерге қол жеткізе бастады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети