30 қыркүйек 2014 | 20:00

Инчхондағы қазақша сөйлейтін кәріс қызы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ожанг Ми. Фотоны түсірген – Ардақ Тоғымов. Ожанг Ми. Фотоны түсірген – Ардақ Тоғымов.

ХVІІ жазғы Азия ойындарындағы Қазақстан делегациясына бөлінген жергілікті аудармашылардың арасында бір қыз қазақша жақсы сөйлейді, - деп жазады Оңтүстік Кореядан "Алаш айнасының" арнаулы тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

ХVІІ жазғы Азия ойындарындағы Қазақстан делегациясына бөлінген жергілікті аудармашылардың арасында бір қыз қазақша жақсы сөйлейді, - деп жазады Оңтүстік Кореядан "Алаш айнасының" арнаулы тілшісі.

Қазақстан делегациясына бөлінген жергілікті аудармашылардың арасында бір жас жігіт орыс тілінде тәп-тәуір сөйлейді. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің қызметкерлерімен немесе біздің спортшылармен жүргенінде жиі кездесіп қаламыз. Кейде жұмыс бабымен Инчхондағы Қазақстан журналистеріне де келіп тұрады. Әу баста-ақ өзін Андрей деп атауымызды өтінген. Өзінің айтуы бойынша, Санкт-Петербургте оқыған.

Содан соң томпиған бір сары қыз бар. Басында қазақ екен деп қалдық. Өйткені қазақ тілінде көп-көрім сөйлейді. Сөйтсек, қазақ емес, кәріс қызы. Аты-жөні – Ожанг Ми. Өзінің айтуынша, есімінің қазақша мағынасы – Раушан.

Кәрістің "Раушаны" Қазақстанда оқып, білімін жетілдіріпті. Төрт жыл қысқа мерзімге келіп, Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде дәріс алған. Соңғы рет келгенінде, бір семестр оқыған.

Қазақшаны Алматыға бармай тұрып үйреніпті. Қазір өзі Сеулде тұрады екен. Азия ойындары қарсаңында "Сарықұрлықтағы" елдердің тілдерін білетін волонтерлер құрамы жасақталғанда, "Раушан" Қазақстан делегациясына аудармашы болуға ниет білдірген.

Рас, қазақшаны зуылдатып тез сөйлемейді. Бірақ түсінікті етіп аудара алады, ойын толық жеткізе біледі. Ол асықпай қазақша сөйлей бастағанында, "қазақша сөз қоры жетпей, қиналып тұр ма" деп ойлап, әңгіме ауанын орысшаға аударуға тырысатындар да бар. Ондай да, Ожанг Ми "жоқ, өзіміздің қазақшамызбен сөйлей берейік" деп бәйек болады...

Міне, Кореяның "Раушаны" осындай жан. Кездесе қалсаң, үнемі күлімсіреп, ізет көрсетіп тұрады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети