21 қыркүйек 2014 | 09:33

Инчхоннан Қазақстанның 16 журналисі ақпарат таратады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Инчхондағы Қазақстан журналистері. Фотоны түсірген - Данияр Майлыбаев Инчхондағы Қазақстан журналистері. Фотоны түсірген - Данияр Майлыбаев

Инчхондағы ХVІІ жазғы Азия ойындарынан еліміздің 16 спорт журналисі ақпарат тарататын болады, деп хабарлайды Оңтүстік Кореядан "Алаш айнасының" арнаулы тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Инчхондағы ХVІІ жазғы Азия ойындарынан еліміздің 16 спорт журналисі ақпарат тарататын болады, деп хабарлайды Оңтүстік Кореядан "Алаш айнасының" арнаулы тілшісі.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті ХVІІ жазғы Азия ойындарына 16 спорт журналисін апарды. Олар – "Егемен Қазақстан", "Қазақ спорты", "Спорт", "Казахстанская правда" газеттерінің, "Алаш айнасы" электронды газетінің тілшілері және "Қазақстан" ұлттық арнасының, "Қазспорт", "Хабар" арналарының журналистері мен операторлары.

Сонымен қатар журналистер құрамында екі фототілші, Спорт және дене шынықтыру істері комитеті мен Штаттағы ұлттық командалар және спорттық резерв дирекциясының баспасөз хатшылары бар.

Енді алты журналист демеушілерінің қаржыландыруымен келулері керек (бірақ бәрі де келе алмайтын сияқты). Олардың ішінде белгілі бір спорт түріне ғана бекітілгендері бар. Мысалы, бір журналист тек боксшылар жекпе-жектері басталғанда ғана келіп, былғары қолғап шеберлерінің өнерлерін насихаттайтын болады. Енді біреуі – шығыс жекпе-жегінің түрі таэквондоға жауапты.

Жалпы, ХVІІ жазғы Азия ойындарына қатысушы барлық елдердің журналистері Инчхонның жаңадан салынған Медиа қалашығында орналастырылды. Медиа қалашық (Media Village) спортшылар қоныстанған Олимпиада ауылына жақын салыныпты.

Журналистер де спортшылар мен бапкерлер сияқты көп қабатты зәулім үйлерде тұрады. Бір қызығы, ұйымдастырушылар барлық елдің журналистерін бөліп-бөліп жіберген. Біздің елдің журналистері де бытырай қоныстанып, бір пәтерде басқа елден келген әріптестерімен тұрады.

Пәтерлер – әр түрлі, екі немесе үш бөлмелі. Яғни олардың ұйықтайтын бөлмелері бөлек (әркім жеке бөлмеде ұйықтайды), бірақ ас үй, қонақ үй және жуынатын бөлмелер – екі-үш адамға ортақ.

Бір қызығы, ұйымдастырушылар әр елдің журналистері бірге тұрғылары келсе де, ешкімді де ауыстырмайды. Компьютерде қалай тіркелген, қатаң түрде солай орналасулары керек. Ұйымдастырушылар тарапынан илігу жоқ...

Оған ұйымдастырушылар өздерін кінәліміз деп санамайды. Кінәлі байланыс түрі, уақыт белдеуі, аудармашылар, тағысын тағы.. болуы мүмкін, тек ұйымдастырушылар емес.

Сөйтіп, біздің журналистер әр үйде, әр қабатта Иран, Тайвань, Таиланд, Гонконг елдерінің тілшілерімен бір пәтерде тұрып жатыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети