Ирандық Халк ММА ережесі бойынша бірінші жекпе-жегін өткізеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ирандық Халк ММА ережесі бойынша бірінші жекпе-жегін өткізеді

"Ирандық Халк" есімімен танылған ауыратлет Саджад Гариби ММА ережесі бойынша бірінші жекпе-жегін өткізеді, - деп хабарлайды Eurosport.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ирандық Халк" есімімен танылған ауыратлет Саджад Гариби ММА ережесі бойынша бірінші жекпе-жегін өткізеді, - деп хабарлайды Eurosport.

26 жастағы спортшының қарсыласы 36 жастағы ұлыбританиялық бодибилдер және актер Мартин Форд болады. Оны "Жер бетіндегі ең құбыжық адам" деп те атайды. Оның салмағы шамамен 150 келі, бойы екі метр. Ал ирандық спортшының салмағы 180 келі, салмағы 188 сантиметр. 

"Мен құмарға әуеспін және өзіме челлендж жасағанды ұнатамын. Бірақ аздап ақымақпын, солай емес пе? Мен өзіме кәсіби тұрғыда қараймын, мүмкіндігім келгенше әрине. Себебі мен жас ұрпаққа өнегемін. Конор МакГрегор, мысалы, ұлы спортшы. Алайда мынадай оқиға болып жатқанда... Өз әрекетіңе үлкен жауапкершілікпен қарау керек", - дейді ұлыбританиялық спортшы. 

Саджад Гариби физикалық мәліметтерімен әлемді таңғалдырған еді. "Парсы Геркулесінің" Instagram желісіндегі парашасына 400 мың адам жазылған.

2016 жылы ер адам ИГИЛ террорлық тобына қарсы күрес жүргізу үшін Иран әскеріне ерікті болып жазылуға дайын екенін мәлімдеген еді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети