14 шілде 2019 | 10:18

Италияда өткен Универсиадада Қазақстан құрамасы жеті медаль иеленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін, 14 шілдеде, Италияның Неаполь қаласында Халықаралық Универсиада-2019 жарысының жабылу салтанаты болады. Қазақстан құрамасы жалпы есепте жеті медальмен 25-ші орынды қанағат тұтты. 


Иконка комментария блок соц сети

Бүгін, 14 шілдеде, Италияның Неаполь қаласында Халықаралық Универсиада-2019 жарысының жабылу салтанаты болады. Қазақстан құрамасы жалпы есепте жеті медальмен 25-ші орынды қанағат тұтты. 

Универсиадада 94 спортшы Қазақстан құрамасының намысын қорғады. Жалғыз "алтынды" дзюдошы Ғалымжан Қырықбай иеленді. Ол абсолют салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірмеді. 

Қазақстандықтар бес рет тұғырдың екінші сатысына шықты. Гимнаст Нариман Құрбанов пен Милад Карими, жеңіл атлет Михаил Литвин, таеквондошы Смайыл Дүйсебай (87 келіге дейінгі салмақта) және Зоя Кравченко (стендтік ату). Сәрсенкүл Рысбекова (стендтік ату) қола медаль иеленді. 

Бірінші орында - Жапония құрамасы (33 алтын, 24 күміс және 28 қола медаль). Екінші орында Ресей - 22, 24, 36. Үшінші орында Қытай - 22, 13, 8.

Айта кетейік, осыған дейінгі өткен Универсиадада (Тайбэй-2017) қазақстандық спортшылар үш алтын, алты күміс және жеті қола жеңген болатын. 2015 жылы Кванджуда өткен жарыста алты алтын алып, қазақстандық спортшылар ең үздік нәтиже көрсеткен еді. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети