Жалғас Жұмағұлов Oktagon турнирінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жалғас Жұмағұлов Oktagon турнирінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті instagram/oktagonmma

Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов Чехиядағы Oktagon промоушеніндегі чемпиондық белбеуін сәтті қорғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов Чехиядағы Oktagon промоушеніндегі чемпиондық белбеуін сәтті қорғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Прагада өткен Oktagon 81 турнирінің қосалқы басты жекпе-жегінде Жұмағұлов чехиялық Давид Дворжакты мерзімінен бұрын жеңді. Қарсыласы дәрігердің шешімімен төртінші раундқа шығып, жекпе-жекті жалғастыра алмады.

Чех файтері кәсіби мансабында 22 жеңіс тұсында 7-рет жеңілді. Ал Жұмағұлов үшін бұл жеңіс - мансабындағы 19-шы жеңіс, ол мансабында 9 рет жеңілген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от OKTAGON (@oktagonmma)

Жекпе-жектен кейін қазақстандық спортшы бапкерінің үлесін атап өтіп, тактикалық жоспары жайлы айтты.

"Кеше уәде бердім, бүгін алаңда дәлелдедім: мен Big Drama Show жасауға шықтым. Бапкер Артём Левинмен жұмыс істедім, бәрін бірге жасадық. Артём, сен ең мықтысың, бауырым, саған қатты ризамын!" - деді Жұмағұлов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Жамбыл облысына барды
ТОП-5 алаяқтық схема

Валюта бағамы

 504.24  course up  589.73  course up  6.49  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети