Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі жекпе-жегі алдында мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі жекпе-жегі алдында мәлімдеме жасады Фото: UFC©

Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) UFC Fight Night 207 турнирінде өтетін жекпе-жекке дайындығы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Соңғы жаттығуларды аяқтап жатырмыз. Дүйсенбіде Вегасқа жекпе-жекке ұшамыз. Альхамдулиллах, формам жақсы. Сіздерді жеңісіммен қуантамын. Мүлдем басқа адам болып оралдым", - деді файтер Instagram-да.

Еске салайық, турнир Қазақстан уақыты бойынша 5 маусымда өтеді. Жұмағұловтың қарсыласы - америкалық Джефф Молина. Кейінгі жекпе-жекте жеңілген қазақстандықтың кездесуі алдын-ала кардта өтеді. Шоудың басты оқиғасы Александр Волков пен Джаирзиньо Розенстрайк арасындағы жекпе-жек болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 505.17  course up  598.8  course up  6.58  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети