Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі үшінші жекпе-жегіне дайындығы жайлы айтып берді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі үшінші жекпе-жегіне дайындығы жайлы айтып берді Жалғас Жұмағұлов. Фото: instagram.com/zhumagulov_zhalgas/

Arlan MMA Pro Team командасының қазақстандық файтері Жалғас Жұмағұлов америкалық Джером Ривераға қарсы жекпе-жегіне дайындығы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Arlan MMA Pro Team командасының қазақстандық файтері Жалғас Жұмағұлов америкалық Джером Ривераға қарсы жекпе-жегіне дайындығы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Мен бұл жолы ерекше дайындалдым. Әрқашан талмай жаттығу жасап, күш саламын. Бұл жолы салмақ тастаудығы, күрес, төзімділік бойынша және барлық басқа қатемді түзедім. Жеңу үшін қажеттінің бәрін жасаймын! Қазақстан, алға!" - деді ол Дмитрий Смоляковтың YouTube-арнасында.

UFC 264 турнирі 11 шілдеге қараған түні Лас-Вегаста T-Mobile аренасында өтеді. Басты жекпе-жек америкалық Дастин Порье мен ирландиялық Конор МакГрегор кездесуі болады.

Жұмағұловтың жекпе-жегі шамамен сағат 4:50-де басталады. Бұл жекпе-жек оның UFC-дегі үшінші кездесуі, алғашқы екеуінде ол төрешілердің шешімімен жеңіске жеткен болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети