Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі жекпе-жегін қашан және қайдан көруге болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі жекпе-жегін қашан және қайдан көруге болады? ©UFC

Ертең, 5 желтоқсанда, ең жеңіл салмақтағы қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов (14-5) UFC-де төртінші жекпе-жегін өткізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ертең, 5 желтоқсанда, ең жеңіл салмақтағы қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов (14-5) UFC-де төртінші жекпе-жегін өткізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

Жұмағұловтың қарсыласы анголалық-португалиялық файтер Манел Кап (16-6). Олардың жекпе-жегі Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) UFC Apex аренасында өтетін UFC Vegas 44 турнирінің алдын-ала кардының соңғы бөлігінде өтеді.

Турнирде барлығы 14 жекпе-жек өтеді, ал Жалғас пен Манел кездесуі жетінші кезекте тұр. Алдын ала кард Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 06:00-де басталады, ал негізгісі - сағат 09:00-де. Жұмағұловтың жекпе-жегі шамамен сағат 08:20-да болады.

Турнир UFC Fight Pass платформасында, сондай-ақ UFC TV-де көрсетіледі.

Кештің басты жекпе-жегінде ең жеңіл салмақтағы Роб Фонт (19-4) және Жозе Алдо (30-7) кездеседі. Турнирдің маңыздылығы бойынша екінші кезеңінде Қазақстан тумасы Рафаэль Физиев (10-1) пен Брэд Ридделл (10-1) айқасады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети