Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі үшінші жекпе-жегін қашан және қайдан көруге болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі үшінші жекпе-жегін қашан және қайдан көруге болады? Жалғас Жұмағұлов. Фото: Arlan MMA

Қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов UFC-де үшінші жекпе-жегін өткізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов UFC-де үшінші жекпе-жегін өткізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның америкалық Джером Риверамен (10-5) кездесуі 11 шілде, жексенбі күні таңертең UFC 264 турнирінде өтеді. Турнирде Дастин Пурье мен Конор МакГрегор кездеседі.

Көрсетілім Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 4.30-да, алдын ала кард - 06.00-де, басты кард - 8.00-де басталады.

Жалғас Жұмағұловтың жекпе-жегі шамамен 4.50-де басталуы мүмкін.

UFC 264 көрсетілімін UFC Fight Pass ақылы сервисінен және UFC ТВ ресми арнасынан көруге болады (Қазақстанда тек tvcom-да қолжетімді).

Бұған дейін Жалғас Жұмағұлов америкалық Джером Ривераға қарсы жекпе-жегіне дайындығы туралы айтып берген болатын.

"Мен бұл жолы ерекше дайындалдым. Әрқашан талмай жаттығу жасап, күш саламын. Бұл жолы салмақ тастаудығы, күрес, төзімділік бойынша және барлық басқа қатемді түзедім. Жеңу үшін қажеттінің бәрін жасаймын! Қазақстан, алға!" - деді ол Дмитрий Смоляковтың YouTube-арнасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети