Сурет yujanka.kz сайтынан
Сочи Олимпиадасында алтыншы орынға ие болған Жанбота Алдабергенова Наурыз мерекесі күндері Еуропа кубогының соңғы кезеңдік сынында топ жарды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Вальмаленкода (Италияда) фристайл спортының акробатика сайысынан Еуропа кубогының соңғы кезеңдік сындары өткен. Қыздар арасындағы акробаттар сайысында Жанбота екі рет жеңіс тұғырына көтерілді. Бірінші күнгі сайыста ол үшінші орынды қанағат тұтты. Бірінші орын Ресей споршысы Александра Орловаға бұйырды. Есесіне, екінші күнгі сайыста Жанбота алдына жан салмады. Ал орыс қызы Орлова екінші орынға ығысты. Фристайл. Еуропа кубогы кезеңі. Вальмаленко (Италия), 21-22 наурыз Әйелдер. Акробатика. Бірінші сайыс. 1. Александра Орлова (Ресей) – 150,34. 2. Надежда Мохнацкая (Украина) – 146,17. 3. Жанбота Алдабергенова (Қазақстан) – 142,31… Екінші сайыс. 1. Жанбота Алдабергенова (Қазақстан) – 80,64. 2. Александра Орлова (Ресей) – 72,50. 3. Любовь Никитина (Ресей) – 69,02…
Сочи Олимпиадасында алтыншы орынға ие болған Жанбота Алдабергенова Наурыз мерекесі күндері Еуропа кубогының соңғы кезеңдік сынында топ жарды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Вальмаленкода (Италияда) фристайл спортының акробатика сайысынан Еуропа кубогының соңғы кезеңдік сындары өткен. Қыздар арасындағы акробаттар сайысында Жанбота екі рет жеңіс тұғырына көтерілді.
Бірінші күнгі сайыста ол үшінші орынды қанағат тұтты. Бірінші орын Ресей споршысы Александра Орловаға бұйырды. Есесіне, екінші күнгі сайыста Жанбота алдына жан салмады. Ал орыс қызы Орлова екінші орынға ығысты.
Фристайл. Еуропа кубогы кезеңі. Вальмаленко (Италия), 21-22 наурыз
Әйелдер. Акробатика. Бірінші сайыс.
1. Александра Орлова (Ресей) – 150,34.
2. Надежда Мохнацкая (Украина) – 146,17.
3. Жанбота Алдабергенова (Қазақстан) – 142,31…
Екінші сайыс.
1. Жанбота Алдабергенова (Қазақстан) – 80,64.
2. Александра Орлова (Ресей) – 72,50.
3. Любовь Никитина (Ресей) – 69,02…