25 ақпан 2014 | 16:44

Жанботаның жетістігін неге жырламай жүрміз?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет sochi2014.com сайтынан Сурет sochi2014.com сайтынан

ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарында Жанбота Алдабергенова қазақ қыздары ішінен алғаш рет ерен жетістікке қол жеткізіп, төрт жылда бір рет өтетін дүбірлі додада 6-орынға ие болды. Бұл қазақ спорты тарихындағы ең маңызды жетістігіміз еді. Өкінішке қарай, бұл да межелі екі жүлдеге жете алмағанымыздың кесірінен ескерусіз қалуда. Негізі, Жанбота Алдабергенова қазақ қыздарының ішінен тұңғыш рет алтылыққа ілігіп, тарихи жетістікті бағындырды. Қысқы Олимпиада ойындары жиырма екінші рет өтіп отыр. 1924 жылдан бері, бір ғасырға жуық уақытта бірде-бір қазақ қызы алғашқы ондыққа іліге алмаған-ды. Ал фристайлдың акробатика жаттығуындағы 18 жастағы қарындасымыз ел спорты тарихына тың жетістік тіркеді. Жанбота әлі бұдан да жоғары жетістіктерге жетеді деп сенеміз әрі соны армандап, тілейміз.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети