Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Жасұлан Қыдырбаевты төрт жылға спорттан шеттету ұсынылды

22 Сәуір 2016, 17:43
1
© almaty2014iwf.com
© almaty2014iwf.com

ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында отандық ауыратлеттердің - Жасұлан Қыдырбаев, Алмас Өтешов пен Ермек Өміртайдың жарыстан шеттетілуіне байланысты түсінік берді.

Министрдің айтуынша, қазақстандық тарап Қыдырбаевты төрт жылға дейін ойындардан шеттетуді ұсынып отыр. "Кез келген допингке қарсы күрес ұйымы қандай да бір шара қолданбай тұрып, бұл мәселені өзіміз шешуіміз қажет. Ресейде неге осындай жағдай болды? Себебі олар кінәсін бір-біріне жауып, мерзімдерін өткізіп алды. Сондықтан біз ең алдымен жаттықтырушылар мен дәрігерлерге байланысты шара қолдануға тырысамыз. Біз Халықаралық ауыр атлетика федерациясына есеп жібереміз. Шешім әлі қабылданған жоқ. Біз спортшыларымыздың кінәлі еместігін дәлелдеуге тырысамыз. Олар әлі жас. Қазір Қыдырбаев 22-23-те. 27 жасында оған қиын болады. Әрине, егер оған бір немесе екі жыл берсе, оның келесі жылы Олимпиадаға қатысуға мүмкіндігі бар. Біздің мақсатымыз осыны бастаған адамдарды жазалау", - деді ол.

"Қыдырбаевқа бір жылдан төрт жылға дейін, Өтешовке екі-үш жылға дейін ойындардан шеттету ұсынылып отыр. Бұл тізімде Ермек Өміртай да бар. Оған шартты түрде бір жылдан үш жылға дейінгі жаза берілуі мүмкін екен. Спортшылардың допинг қабылдағаны расталса, ең ауыр жаза қолданылады. Ал егер де бұл дәрігерлердің немесе бапкерлердің біреуінің кінәсі болып шықса, олар қызметінен кетуі тиіс. Дегенмен, спортшылар Риода өтетін Олимпиада ойындарына бара алмайды", - деді Мұхамедиұлы.

Еске сала кетейік, қазақстандық ауыратлеттер Жасұлан Қыдырбаев, Алмас Өтешов пен Ермек Өміртай допинг қабылдаған спортшылардың тізіміне енді. Кейінірек допингке байланысты жанжалдың негізгі себебі аталды.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай