Жаттықпай жүргеніме бір ай болды, ниетім жоқ - Ильин

viewings icon 207 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Илья Ильин. © wfrk.kz Илья Ильин. © wfrk.kz

Олимпиада чемпионы Илья Ильин жарыстардан шеттетілгеннен кейінгі өмірі жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Олимпиада чемпионы Илья Ильин жарыстардан шеттетілгеннен кейінгі өмірі жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Еске салайық, 16 шілдеде Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) Ильиннің 2008 және 2012 жылдардағы Олимпиада ойындарындағы тапсырған сынамаларын қайта тексеруде оң нәтиже бергенін хабарлаған болатын. Ол осыдан кейін жарыстардан шеттетіліп, Риодағы Олимпиадаға қатыса алмайтын болды.

Спорт басылымының мәліметінше, Ильин қазіргі уақытта Францияда. Ол бұл елге өзінің допинг ісін нақтылау үшін және "Тур де Франс" жарысын көруге келіпті. Ауыратлет өз жағдайын және бос уақытында немен айналысатынын, болашаққа құрып отырған жоспарын бөлісті.  

"Мен қарапайым адаммын, сондықтан осы жаңалықтарды естігеннен кейін абдырап қалдым. Қазір өз-өзіме келдім, қазір бәрі жақсы. Жаттықпай жүргеніме бір ай болды - ниетім құрыды. Залға жаттығып жүрген жігіттерге қолдау білдіру үшін ғана барамын. Қазір алыста болғандықтан, телефон арқылы қолдап отырамын. Осы уақыт бойы спортпен және отбасыммен айналыстым. Аз-кем саяхаттадым. Бастапқыда Новосібірде, кейін Абхазияда болдым, ол жақтан Женеваға бардым, қазір Франциядамын", - деді спортшы басылым тілшісіне. 

Олимпиада чемпионы тұңғыш рет помостқа шықпай жарысқа қатысып жүр екен. "Бас менеджерлерге барым жүрмін, сұрақтарыма жауап алып жүрмін. Негізі уақытты отбасыма бөлемін. Барлық туысқаным уайымдап жатыр. (...) Іс бойынша әзірше ешқандай пікір айтпаймын. Әзірше ерте. Жаңалық болып жатса, барлығын жинап, айтып беремін", - деді ол. Сұхбатты толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Tengrinews
Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 4
Комментарии проходят модерацию редакцией
Үздік пікірлер Ескі пікірлер
Ж
Жулдыз
Е
ерома
A
Akniet Beles

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы
18°C Бүгін алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю