Желіде Головкиннің Мұхаммед Әлидің жұбайымен түскен суреті пайда болды

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Instagram / @gggboxing © Instagram / @gggboxing

Желіде қазақстандық Геннадий Головкин мен әйгілі боксшы Мұхаммед Әлидің жұбайы Иоланта "Лонни" Алидің суреті пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Желіде қазақстандық Геннадий Головкин мен әйгілі боксшы Мұхаммед Әлидің жұбайы Иоланта "Лонни" Алидің суреті пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сурет қазақтандық боксшының Instagram желісіндегі парақшасында жарияланды.

"Али ханымға алғысымды білдіремін. Сізбен және жұбайыңыз - ұлы Мұхаммед Әлимен болған соңғы кездесуіміз әлі есімде. Отбасыңызға рақмет!" - деп жазды Головкин суреттің сипаттамасына.

Суретке қалдырылған пікірлерде көптеген қазақстандық Али ханымға құрмет білдіріп, Геннадий Головкинге Денис Теннің жерлеу рәсіміне елге келгені үшін алғыс айтып жатыр.

"Геннадий, дүниеге осындай бала әкелгені үшін ата-анаңызға рақмет. Тығыз кестеге қарамастан, Денистің ата-анасын қолдап келуге уақыт таптыңыз. Бұл көп нәрсені айтады. Сізге Алваресті жеңіп, осы жеңісті чемпионға, біздің еліміздің мақтанышы Денис Тенге арнауды тілеймін", - дейді әлеуметтік желі қолданушыларының бірі Айшолпан.

Еске сала кетейік, шілденің басында Головкин Америка Құрама Штаттарында Лас-Вегаста 15 қыркүйекте өтетін мексикалық Сауль "Канело" Альвареске қарсы жекпе-жекке дайындықты бастады. Бұл жекпе-жек T-Mobile аренасында өтеді.

Головкин WBC тарихындағы үздік чемпион атанды

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro