13 шілде 2015 09:45

Жеңілатлеттердің алтын медалі Универсиаданың үздік ондығына кіруге мүмкіндік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Kazathletics.kz ©Kazathletics.kz

Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында өтіп жатқан жазғы Универсиада ойындарында эстфеталық жүгіруден Қазақстан әйелдер құрамасы алтын медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Massaget.kz басылымы.


Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында өтіп жатқан жазғы Универсиада ойындарында эстфеталық жүгіруден Қазақстан әйелдер құрамасы алтын медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Massaget.kz басылымы.

Виктория Зябкина, Юлия Рахманова, Светлана Иванчукова және Анастасия Тулапина бақ сынаған эстафеталық сында Қазақстан құрамасы қарсыластарынан оқ бойы озық келді. Отандастарымыздың уақыты - 44,28 секунд, екінші орын алған АҚШ құрамасы мәре сызығын 44,95 секундта кесті. Үштікті Таиланд құрамасы (45,3 сек) қорытындылады. Айта кетейік, Виктфория Зябкина осыған дейін 100 және 200 метрге жүгіруде де алдына жан салмаған болатын. 

Еске салайық, Жазғы Универсиада 14 шілде күні мәресіне жетеді. Әзірше Қазақстан құрамасының қоржынында 6 алтын медаль және төрт қола медаль бар. Осының арқасында Қазақстан оныншы орынға көтерілді.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети