Жеңіліп көрмеген қазақстандық ресейлік қарсыласын қылғындыру әдісімен жеңді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жеңіліп көрмеген қазақстандық ресейлік қарсыласын қылғындыру әдісімен жеңді Әли Қабдолла ( оң жақта). Фото: ©️EFC

Жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер Әли Қабдолла (6-0) Ресейдің Нижний Новгород қаласында өткен EFC 31 турнирінде жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер Әли Қабдолла (6-0) Ресейдің Нижний Новгород қаласында өткен EFC 31 турнирінде жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

Жартылай жеңіл салмақта төбелесетін 25 жастағы қазақстандық ресейлік Имран Жулаговқа (11-4) қарсы шықты. Arlan MMA Pro Team өкілі қарсыласын екінші раундтың ортасында қылғындыру әдісімен жеңді. Шешен файтері әдістен шыға алмай, берілуге мәжбүр болды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от KAZAKHSTAN MMA FIGHTERS 🇰🇿 (@kaz_fighters)

"Бұл жеңісімді Тәуелсіздік күніне арнаймын, Arlan MMA Pro Team және Tobet Top Team командаларына рақмет айтамын. Белбеу иегері болғым келеді", - деді Қабдолла жеңісінен кейін.

Бұл Әлидің спорт карьерасындағы алтыншы, биылғы бірінші жеңісі. Бұған дейін осы турнирде тағы екі қазақстандық төбелескен. Аслан Ораз нокаутпен жеңсе, Заур Албаков мерзімінен бұрын жеңіліске ұшырады.

Айта кетейік, ұйым иесі - Хабиб Нурмагомедов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети