Волейболдан әйелдер арасындағы ХХІІ Қазақстан чемпионаты бүгін аяқталады. Ал чемпион кеше анықталып, Талдықорғанның «Жетісуы» алтыншы рет қатарынан топ жарды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Волейболдан әйелдер арасындағы ХХІІ Қазақстан чемпионаты бүгін аяқталады. Ал чемпион кеше анықталып, Талдықорғанның «Жетісуы» алтыншы рет қатарынан топ жарды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ел чемпионатының Талдықорғанда өтіп жатқан алтыншы (соңғы) турында «Жетісу» төртінші рет жеңіске жетіп, саф алтынға қол жеткізді. Кеше «Алматы» аруларын үш сетте тізе бүктіріп, негізгі бәсекелесі «Ертіс-Қазхром» (Павлодар) клубынан қара үзді.
Бұл – Асқар Шалқыбеков жаттықтыратын «Жетісу» қыздарының биылғы маусымдағы 24-ші жеңісі. Талдықорған клубы биыл бес-ақ рет ұтылды. Міне, алтыншы жыл болды, елімізде еш клубқа алтын жүлдені ұстатар емес.
Айтпақшы, кеше әйелдер арасындағы «Ұлттық лигада» тағы бір қызықты нәтиже тіркелді. 1 сәуірде, яғни күлкі күні дейсіз бе, әлде әзіл-оспақ күні дегіңіз келе ме, өз еркіңіз, Өскемен қыздары биылғы маусымда бірінші рет жеңіске жетті. Маусым басталғалы жеңілістен көз ашпай, 28 рет ұтылған «Шығыс-Свинецстрой» клубы 29-ыншы кездесуінде жеңіске жетіп, «Астана» аруларын бес сетте, яғни 3:2 есебімен ұтты.
Сонымен ел чемпионатының аяқталуына бір күн қалғанда, жүлдегерлер толық анықталды. «Жетісу» алтынмен апталса, «Ертіс-Қазхром» күміспен күптелді. Қола жүлде «Алматы» аруларына бұйырды.
1. Жетісу – 72 ұпай
2. Ертіс-Қазхром – 67
3. Алматы – 51
4. Қарағанды – 47
5. Астана – 17
6. Шығыс-СвинецСтрой – 7
2013/2014 жылдар маусымында ел чемпионы атанған «Жетісу» клубының құрамы:
№ 1. Алена Омельченко (19.06.1989),
№ 2. Татьяна Пюрова (05.04.1982) – капитан,
№ 4. Наталья Матейчик (Беларусь, 22.01.1985),
№ 5. Ольга Наседкина (28.12.1982),
№ 7. Ольга Соболева (07.06.1985),
№ 8. Ишимцева Коринна (08.02.1984) – үйлестіруші,
№ 9. Ирина Шенбергер (20.02.1992),
№ 10. Марина Стороженко (06.06.1985) – либеро,
№ 11. Екатерина Татко (15.12.1992),
№ 13. Александра Исаева (14.07.1982) – үйлестіруші,
№ 14. Виктория Емельянчик (Беларусь, 30.01.1989),
№ 16. Людмила Анарбаева (12.11.1983).
Бас бапкері – Асқар Шалқыбеков,
жаттықтырушылары – Денис Исаев, Валерий Шиндов.