26 сәуір 2014 | 19:28

"Жетісу" қыздары – Азияда үшінші

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Жетісу" (Талдықорған). Фото: volley.kz "Жетісу" (Талдықорған). Фото: volley.kz

Таиландта волейболдан әйелдер арасындағы ХV клубтық Азия чемпионаты аяқталып, ел намысын қорғаған Талдықорғанның "Жетісуы" үшінші орынға ие болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Таиландта волейболдан әйелдер арасындағы ХV клубтық Азия чемпионаты аяқталып, ел намысын қорғаған Талдықорғанның "Жетісуы" үшінші орынға ие болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Үшінші орын үшін өткен шешуші матчта "Жетісу" Тайпей қыздарын ұтып, қола жүлде иеленді. Былтырғы клубтық кұрлық біріншілігінде күміс медаль олжалаған Қазақстан чемпионы биыл да жүлдеге ілігіп, тұрақты ойын үлгісін көрсетуде.

Жалпы, соңғы алты жылда "Жетісу" клубтық Азия чемпионатында төртінші орыннан төмен түсіп көрген емес. Екі рет күміс жүлдеге қол жеткізіп, екі мәрте қола медаль еншілеп, екі қайта төртінші орынмен шектелді.

Асқар Шалқыбеков жаттықтыратын "Жетісу" қыздары биыл екі рет ұтылып, финалға шыққан ұжымдарға ғана есе жіберіп алды. Ал Тайпей қыздарын екі мәрте тізерлетті.

Қазақстан чемпионы биыл "В" тобына түскен болатын. Өз тобында тек Қытай қыздарынан ұтылып, Тайпей, Филиппин, Үндістан және Сингапур чемпиондарынан басым түсті. Сөйтіп, екінші орынға ие болды.

Ширек финалда "А" тобында үшінші болған Вьетнам чемпионының жолын кесті. Ал жартылай финалда "А" тобында үздік шыққан Жапония аруларынан ұтылып қалды. Финалда біздің қыздардан басым түскен Жапония және Қытай клубтары кездесіп, "Күншығыс" елінің әуедопшы арулары 12 жылдан кейін екінші рет Азияның үздік командасы атанды.

Клубтық кұрлық біріншілігінің қорытындысы шығарылғанда, біздің екі ойыншымыз екі номинация бойынша теңдессіз танылды. Атап айтқанда, Людмила Анарбаева үздік тосқауыл қоюшы атанса, Марина Стороженкодан асқан либеро болмады.

Естеріңізге сала кетейік, әйелдер арасындағы аталмыш доданың алдында ерлер арасындағы клубтық Азия чемпионаты өткен. Филиппинде өткен ерлер арасындағы ХV клубтық Азия біріншілігінде біздің елдің намысын Оралдың "Конденсат-Жайықмұнай" командасы қорғаған болатын.

Ел чемпионы, яғни "Алматы" клубы белді ойыншылары жарақаттанып қалғандықтан, құрлық біріншілігіне қатысудан бас тартып, олардың орындарына Орал жігіттері барған.

Обалы нешік, "Конденсат-Жайықмұнай" жігіттері жиырма күн ғана дайындалса да, намысты қолдан бермей, 16 команданың ішінде төртінші орынға ие болып қайтты.

"Алматы" клубының былтыр 13 команданың арасында бесінші орынға ие болғандығымен салыстырғанда, көңілге қонымды нәтиже емес пе?

Игорь Никольченко жаттықтыратын Орал жігіттері Манилада төрт рет жеңіске жетіп, үш рет жеңілістің кермек дәмін татты. Екі рет ақыры күміс жүлдеге ие болған Катар чемпионынан ұтылса, бір рет қола жүлдегер атанған Қытай клубына есе жіберіп алды. Ал бірінші орынды осымен оныншы рет Иран волейболшылары меншіктеді.

Сондай-ақ "Конденсат-Жайықмұнай" клубының да екі волейболшысы биылғы доданың үздік ойыншылары қатарына ілікті. Виталий Вориводин допты көлбеу ұратын ойыншы ретінде теңдессіз танылса, Максим Самарин үздік шабуылшы атанды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети