25 маусым 2014 14:43

Журналистер облыс әкімінің кубогын жеңіп алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Турнирдің үздік шабуылшысы - Әзиз Оразбаев. ©Тengrinews.kz Турнирдің үздік шабуылшысы - Әзиз Оразбаев. ©Тengrinews.kz

Қызылордада ҚР Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні мерекесіне орай журналистер арасында шағын футболдан облыс әкімінің жүлдесі үшін турнир өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. 


Қызылордада ҚР Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні мерекесіне орай журналистер арасында шағын футболдан облыс әкімінің жүлдесі үшін турнир өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

Бас бәйгеге 100 мың теңге тігіліп, екінші орын алған команда 75 мың теңгені қанжығасына басты. Ал үздік үштіктен көрінген ұжым 50 мың теңгеге ие болды.

Төртінші билік өкілдерінің төл мерекесі қарсаңында шағын футболдан тұңғыш рет Қызылорда облысы әкімінің жүлдесі сарапқа салынды. Ақпарат майданының сарбаздары жұмыстың қауырттығына қарамастан спортты серік етіп жүргендерін бүгінгі бәсекеде дәлелдеді. Жарысқа облыстық және аудандық басылымдарды бір шаңырақ астына топтастырған "Сыр медиа", облыс жаңалықтарын еліміздің түкпір-түкпіріне дер кезінде таратып жүрген "Меншікті тілшілер", Аймақтың жетекші арнасы "Қазақстан-Қызылорда", көрерменнің көзайымына айналған қалалық "Қоғам ТВ" телеарнасы және мемлекеттік мекемелердің игі істерін насихаттауды мақсат санайтын "Баспасөз қызметі" командалары өзара бақ сынады.

Қарсылас шақ келтірмеген "Қазақстан-Қызылордамен" "Меншікті тілшілер" командасы ақтық сында жолығып, соңғысы 4:2 есебімен жеңіске жетті. Үшінші орын үшін таласта тартысты болды. "Сыр медиа" мен "Қоғам тв" ұжымдары негізгі уақытта тең ойнап, жеңімпазды пенальтимен анықтады. Футбол лотореясында "Сыр медиа" командасының жолы болды.

Турнирдің қорытындысы бойынша "Меншікті тілшілер" командасынан Ержан Байтілес "үздік қақпашы", "Қазақстан-Қызылорда" телеарнасынан Әділбек Жақанов "сұрмерген", "Баспасөз қызметінен" Әзиз Оразбаев "үздік шабуылшы", "Қоғам ТВ" командасынан Жомарт Бакарамов "үздік қорғаушы" номинациясын иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломмен және сыйақымен марапатталды.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети