Кристина Уильямспен жекпе-жекке шыққан ММА файтері Хизер Хардидің жарақаты адамшошырлықтай болды, - деп жазады РИА Новости.
Кристина Уильямспен жекпе-жекке шыққан ММА файтері Хизер Хардидің жарақаты адамшошырлықтай болды, - деп жазады РИА Новости.
Америкалық екі қыздың жекпе-жегі Bellator 185 турнирі аясында өтті. Бір сәтте Харди қатты соққы қабылдады, соның салдарынан оның мұрны сынып кетіп, қан сауғалай кетті. Осыдан кейін 20 секундтан соң рефери кездесуді тоқтатты. Нәтижесінде Харди техникалық нокаутпен жеңіліп қалды.
Желі қолданушылары октагонға шыққан екі қыздың нағыз жекпе-жек көрсеткенін айтып, өз эмоцияларымен бөлісіп жатыр.
"Ух ты! Бокс Вундеркинді Хизер Хардиді Bellator 185 турнирінде төмпештеп тастады", - деп жазды MMA Raw&Uncut.
"Хизер Грэмді жаңа жылдық шырша ұқсатып бояды! Сұмдық-ай", - деп жазды Шаматкар Сандху.
"Бұл нағыз жекпе-жек!", - деп жазды Grabaka Hitman.
"Кикбокс боксты жеңді", - деп жазды Энджела Хилл.
Осы турнирде ресейлік Александр Шлеменко мен голландиялық Гегард Мусаси арасында жекпе-жек өтті. Төрешілер бірауыздан жеңісті Мусасиге берді.