"Канело" мен Головкин жекпе-жектерін өткізетін DAZN басшысы коронавирус жұқтырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Канело" мен Головкин жекпе-жектерін өткізетін DAZN басшысы коронавирус жұқтырған Сурет: boxingscene.com

DAZN стриминг қызметінің атқарушы төрағасы Джон Скиппер короновирус жұқтырғанын растады. Оның сөзінше, қазір ол індеттен айығып, жұмысына оралды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

DAZN стриминг қызметінің атқарушы төрағасы Джон Скиппер короновирус жұқтырғанын растады. Оның сөзінше, қазір ол індеттен айығып, жұмысына оралды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Портал мәліметінше, ол өзін әлсіз сезінгендіктен 16 наурызда коронавирусқа сараптама тапсырған. Сараптама оның COVID-19 жұқтырғанын көрсеткен. DAZN басшысы ауруханаға жатудан бас тартып, Нью-Йорктегі үйінде карантинде болған. 62 жастағы Джон Скиппер екі аптадан соң вирустан айыққан.

Айта кетейік, наурыз айының басында DAZN әлемнің 200 елінде трансляция жасайтынын мәлімдеген еді. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты барлық спорттық шара кейінге қалды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети