Қарағанды ​​облысындағы ауыл тұрғындарын нигериялық спортшы жаттықтырады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды ​​облысындағы ауыл тұрғындарын нигериялық спортшы жаттықтырады Фото: "Хабар 24"

Қарағанды облысының Осакаровка кентінде Нигериядан келген спортшы бірнеше футбол құрамасын жаттықтырады: кәсіби, әуесқой және ардагер. Самуэль Обиннанға тұрғылықты жерді жергілікті меценаттар ұсынған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысының Осакаровка кентінде Нигериядан келген спортшы бірнеше футбол құрамасын жаттықтырады: кәсіби, әуесқой және ардагер. Самуэль Обиннанға тұрғылықты жерді жергілікті меценаттар ұсынған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

"Осакаровканы жақсы көремін. Маған Aulafit бағдарламасы ұнайды. Қазақстанға футбол ойнауға Нигериядан келдім. Менің елімде спортты дамыту бойынша мұндай бағдарлама жоқ. Балалармен ғана емес, ересектермен де дайындық жүргіземін", - дейді Aulafit бағдарламасының жаттықтырушысы Самуэль Обинна.

Ол тек футбол тәлімгері ғана емес, сонымен қатар фитнес-жаттықтырушы. Жаттығу таза ауа аясында өткізіледі. Ауладағы фитнеске балалар да, жас аналар да, зейнеткерлер де қатыса алады.

"Осакаровка аумағынан шықпай-ақ, спортты тегін дамыту өте жақсы бағдарлама және жақсы идея. Бұл бағдарлама жас буынның адамдармен қарым-қатынас жасай алу қабілетін ашады деп сенемін", - деді Осакаровка кентінің тұрғыны Әнел Оспанова.

Осакаровкада 2 мыңға жуық бала бар. Кентте 5 спорт алаңы және дене шынықтыру-сауықтыру кешені бар, онда 10-ға жуық секция жұмыс істейді. Қазір аула спорты белсенді дамып келеді.

Жоба бастамашылары Осакаровкадағы балаларға еліміздің ең атақты спортшыларымен кездесу ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Телеарна мәліметі бойынша, Aulafit бағдарламасы үшін қарастырылған келесі орын - Нұра ауданының Молодежный кенті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети