Каратэ және тағы екі спорт түрі келесі Олимпиада ойындарынан алып тасталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Каратэ және тағы екі спорт түрі келесі Олимпиада ойындарынан алып тасталды

Парижде өтетін 2024 жылғы Олимпиаданы ұйымдастыру комитеті турнирде таныстырылатын спорт түрлерінің тізімін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Олимпиада ойындары сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Парижде өтетін 2024 жылғы Олимпиаданы ұйымдастыру комитеті турнирде таныстырылатын спорт түрлерінің тізімін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Олимпиада ойындары сайтына сілтеме жасап.

Тізімнен каратэ, бейсбол және софтбол ойындары алынып, жаңа бағдарламаға брейк-данс қосылған. Халықаралық Олимпиада комитеті іс-шараның бағдарламасын, спортшыларға сәйкес квоталарды және Париж 2024 Олимпиада ойындарына жаңа спорт түрлерінің интеграциясын растады. Ұйымдастыру комитеті бағдарламаның түпкілікті екенін және оны өзгертуге болмайтынын айтты.

Дүниежүзілік каратэ федерациясының президенті Антонио Эспиноса спорттың бұл түрі Олимпиада ойындарына оралуы керек екенін айтты.

"Біз әлемге каратэнің ерекше спорт түрі екенін көрсеттік. Ол арнайы спорттық дайындықты және арнайы техниканы қажет етеді. Бұл Олимпиадаға ұсына алатын спорт, өйткені ол олимпиадалық құндылықтарға сәйкес келеді", - деді Эспиноса.

Айта кетейік, 2024 жылдың 26 шілдесінде Париж әлемді Олимпиада ойындарында үшінші рет қарсы алады (жарыстар 1900 және 1924 жылдары өтті). Сонымен қатар, Франция үшін бұл алтыншы Олимпиада болады: ел үш рет қысқы ойындарды ұйымдастырды: Шамони-1924, Гренобль-1968 және Альбервиль-1992.

Еске салайық, каратэ алғаш рет Токиодағы 2020 жылғы Олимпиада ойындарында ұсынылған болатын. Каратэшілер Дархан Асәділов пен Софья Берульцева Қазақстанға екі қола медаль алып келді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети