Каратэші Дархан Асәділов Олимпиаданы жеңіспен бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Каратэші Дархан Асәділов Олимпиаданы жеңіспен бастады Фото: Владислав Семенов / olympic.kz

Токио Олимпиадасында каратэшілер жарысы басталды. 67 келіге дейінгі салмақта ел намысын Дархан Асәділов қорғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Токио Олимпиадасында каратэшілер жарысы басталды. 67 келіге дейінгі салмақта ел намысын Дархан Асәділов қорғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

А тобында Асәділов төрт спортшымен күш сынасады. Алғашқы қарсыласы түркиялық Эрай Самдан болды. Қазақстандық каратэші 6:2 есебімен жеңді. 

Дархан Асәділов - каратэден Қазақстан құрамасындағы ең тәжірибелі спортшы, жасы 33-те. 2010 жылы АЗия чемпионы атанған. 2008 жылы әлем чемпионатында күміс, 2018 жылы қола медаль жеңіп алған. Еншісінде Азия чемпионатынан бірнеше жүлде бар. 

Еске салайық, қазір Қазақстан қоржынында төрт медаль бар. Бұған дейін дзюдошы Елдос Сметов, ауыратлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло қола медаль иеленген болатын. Ал кеше боксшы Қамшыбек Қоңқабаев та жартылай финалда жеңіліп, қола жүлде алған еді.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети