Каратэші Юлдашев пен Берульцева Олимпиада лицензиясына ие болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Каратэші Юлдашев пен Берульцева Олимпиада лицензиясына ие болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Каратэші Юлдашев пен Берульцева Олимпиада лицензиясына ие болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Халықаралық карате федерациясы (WKF) Олимпиадалық рейтинг бойынша Токио Олимпиадасына жолдама алған спортшылар тізімін жариялады. Оған сәйкес, Шымкент қаласының каратэшілері тағы екі Олимпиада лицензиясын иеленді.

"D-3" біліктілігі бойынша халықаралық рейтингке сәйкес, Данияр Юлдашев Олимпиада лицензиясына ие болып, Азия өңірінде ең жоғары нәтиже көрсеткен үздік каратэші атанды.

Сондай-ақ, тағы бір жерлесіміз Софья Берульцева (+75 келі) да халықаралық рейтингке сәйкес, құрлықтық жолдамаға ие болды. Айта кетерлігі, каратэден Қазақстан құрамасынан Токио Олимпиадасына бес жолдама бар. Осыған дейін Дархан Асаділов рейтингте қарсыласынан 1000 ұпай алда болғандықтан мерзімінен бұрын Олимпиада лицензиясына иелік етті.

Данияр Юлдашев - каратэ спорт түрінен Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 2017 жылы Астанада өткен  ерлер мен әйелдер арасында Азия чемпионатының күміс жүлдегері, 2018 жылы Испанияда өткен "Премьер Лига" Халықаралық турнирінің күміс жүлдегері. Софья Берульцева - Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Сонымен, Шымкент қаласының қоржынындағы Олимпиада жолдамаларының саны 10-ға жетті. Оның иегерлері:
Стенд ату - Сәрсенкүл Рысбекова, Кравченко Зоя
Оқ ату - Юрий Юрков
Бокс - Закир Сафиуллин
Қаратэ - Дархан Асаділов, Данияр Юлдашев, Софья Берульцева.
Байдаркада есу - Сергей және Тимофей Емельяновтар
Көркем гимнастика - Алина Әділханова

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer