Кәрім Мәсімов Қазақстан Триатлон федерациясының президенті болып сайланды. Бүгін оның кандидатурасын Федерация конференциясында таңдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасы ҰҚК Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Конференция жұмысына ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, сондай-ақ Федерация мүшелері, құраманың тренерлік құрамы, Мәдениет және спорт министрлігі мен Ұлттық олимпиадалық комитеттің өкілдері қатысты.
Кәрім Мәсімов өзінің сөзінде аймақтардағы спорт түрлерінің дамуына баса назар аудара отырып, федерацияның алдағы уақыттағы міндеттерін белгіледі.
"Триатлон – біздің елімізге кейін келген спорт түрі болып табылады, сондықтан оның дамуы әлі бастапқы кезеңде. Бұл спорт түрінің жоспарлы және кешенді дамуын қамтамасыз ету қажет және аталған жұмыс болашақта өз нәтижесін береді", - деді Мәсімов.
Кездесуде ұйымның қызметі туралы есебі тыңдалды. Сонымен қатар Федерацияның басқару органдарының жаңа құрамы жасақталды.