Катонқарағай ауданында тау шаңғысы базасы салынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Катонқарағай ауданында тау шаңғысы базасы салынады Қатонқарағай vk.com парақшасынан

Катонқарағай ауданында тау шаңғысы базасы бой көтереді. Бұл туралы Катонқарағай ауданының әкімі Дәурен Тілеубаев Өскеменде өткен "Туған елге - тарту" атты инвестициялық форумда мәлімдеді. Өкінішке қарай, соңғы жылдары осындай табиғаты тамылжыған жұмақ мекеннен тамырын үзіп, қалаға көш түзеп жатқан тұрғындар көп. Стратегиялық тұрғыдан маңызы үлкен шекаралық аудан халқының саны жылдан-жылға азайып барады. Бұл тығырықтан шығар жол қандай? Аудан әкімінің пікірінше, тығырықтан шығар жол – аудандағы демалыс базаларының жыл бойы, үздіксіз жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызу, жаңа санаторийлер салу, әуе бағыттарын жандандыру. Бұл тарапта, әрине, кәсіпкерлер инфрақұрылымдарға инвестиция құю арқылы өз көмектерін көрсете алады. Осы ретте ауданда осыдан бірнеше жыл бұрын бой көтерген "Нұрбұлақ" санаторийін айтуға болады. Бүгінде бұл шипажайды еліміздің барлық тұрғындары жақсы біледі. Алдағы уақытта компания басшылары аталған санаторий жыл бойы тоқтаусыз жұмыс істеуі үшін тау шаңғысы базасын салуды жоспарлап отыр. "Катонқарағай ауданының туристік әлеуеті елімізге ғана емес, шет мемлекеттерге де мәлім. Ауданның көркем табиғатын көруге жыл сайын туристер ағылып келіп жатады. Мұндағы әйгілі Мұзтауды, шипалы Рахман қайнарларын, сұлу сарқырамалар мен көркем көлдерді бір көруді армандайтын адамдардың қатары көп. Сақ патшаларының жазығы – атақты Берел қорғандарының өзі неге тұрады?! Біз осындай таңғажайып табиғатты туризм көзіне айналдыра білуіміз керек", - деді Дәурен Тілеубаев.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети