Қатты ашуланып кеткен шығармын - Бибісара Асаубаева жанжал туралы

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қатты ашуланып кеткен шығармын - Бибісара Асаубаева жанжал туралы

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Үндістанда болған жағдайға қатысты тағы да пікір білдіріп, мәселеге нүкте қойғандай болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Үндістанда болған жағдайға қатысты тағы да пікір білдіріп, мәселеге нүкте қойғандай болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шахматшы Instagram-парақшасында жазба жариялады.

"Кеше қатты ашуланып кеткен шығармын (сол үшін түрлі хейт алдым). Бұл бәріне сабақ болсын. Шахматшы алдағы қадамдарын алдын ала жоспарап отыруы керек, ол ең алдымен, өмірде қажет дүние, себебі қателессең оңбай таяқ жеуің мүмкін. Егер қателескен тұсым болса оны мойындауға дайынмын", - дейді ол.

Асаубаева Нью-Делиде болған жайт енді қайталанбаса екен деген үмітте екенін айтады.

"Ұйымдастыру, ұйқы, көз жас, жанжал, толассыз уәделер мен құр үміт беру болмаса екен. Жай ғана ойнап, рекорд орнатып, елімізді танытып, жақындарыңды қуантқың келеді. Осы жерге сол үшін келдік. Ондай мүмкіндігіміз болады деп үміттенемін. Қасиетті Рамазан айында жамандық ойламаған дұрыс. Ренжіткен адамдарым болса кешірім сұраймын. Ондай мақсатым болған жоқ", - дейді Бибісара.

Еске салайық, қазақстандық шахматшылар Бибісара Асаубаева мен Жансая Әбдімәлік Нью-Делиде (Үндістан) шахматтан Гран-при турниріндегі жағдайға байланысты жанжалдасып қалған болатын.

Артынша, Халықаралық шахмат федерациясының (ФИДЕ) президенті Аркадий Дворкович Үндістанда өткен әйелдер Гран-приінің 11 қатысушысына жергілікті ұйымдастырушылар жіберген қателіктер үшін кешірім сұрап, хат жолдады. Қазақстандық Жансая Әбдімәлік хат жолданған шахматшылар қатарында жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети