1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Спорт

Қайрат Ахметов Инодонезияда өткен турнирдің басты жекпе-жегінде жеңіске жетті

Аралас жекпе-жектен қазақстандық спортшы Қайрат Ахметов Индонезияда өткен ONE Championship турнирінде филиппин Джехе Эустакионы жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесу сингапурлық ONE FC промоушенінің аясында өткен еді. Үш раундтың қорытындысы бойынша Ахметовке төрешілердің басым бөлігі дауыс берген.

29 жастағы Ахметов карьерасында 21-ші жеңісіне жетіп отыр. Жалғыз жеңілісі 5 тамызда болған еді, сол кезде ол бразилялық Адриано Мораеске ONE FC чемпиондық белбеуін беріп қойған еді. 28 жастағы Эустакио алтыншы рет жеңіліске ұшырап отыр, ол 9 рет жеңіске жеткен.