29 сәуір 2019 09:45

"Қайрат" Чемпиондар лигасында екінші орын алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram/afckairat © instagram/afckairat

Алматылық "Қайрат" футзалдан Чемпиондар лигасының күміс медалін иеленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматылық "Қайрат" футзалдан Чемпиондар лигасының күміс медалін иеленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ақтық кезеңі Алматыда өткен турнирдің финалында "Қайрат" пен португалиялық "Спортинг" кездескен. Бірінші таймда командалар есеп аша алмады. Ал үзілістен кейін "Алматы Аренаға" келген 12 мыңға жуық жанкүйер үш гол көрді. Қазақстандық фанаттардың өкінішіне қарай, оның екеуін португалиялық клуб соқты. "Спортинг" сапынан Кавинато мен Алекс Мерлим көзге түсті. Ал матч соңына қарай Дуглас есеп айырмасын қысқартты. Артынша қақпашы Игитаның орнына бесінші ойыншы шыққанымен, алматылық клуб таразы басын теңестіре алмады.  

View this post on Instagram

A post shared by Meirzhan Utepov (@meirzhanutepov) on

Осылайша, "Спортинг" өз тарихында алғаш рет футзалдан Чемпиондар лигасын жеңіп алды. Португалиялық клуб бұған дейін турнирдің финалына үш рет (2011, 2017 және 2018 жылдары) шығып, бәрінде де жеңіліп қалған еді. 

View this post on Instagram

Второй тайм стартовал #UCLFutsal #algakairat #vamoskairat #Almaty2019

A post shared by KAIRAT FUTSAL (@afckairat) on

View this post on Instagram

Дуглас!!!!!! Отыграли один мяч. ⠀ #UCLFutsal #algakairat #vamoskairat #Almaty2019

A post shared by KAIRAT FUTSAL (@afckairat) on

Турнирдің қола медалін испаниялық "Барса" иеленді. Каталониялық клуб үшінші орын үшін өткен матчта Испанияның тағы бір командасы, соңғы екі маусымда турнирдің жеңімпазы болған "Интер Мовистарды" 3:1 есебімен ұтты. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети