"Қайрат" футзалдан Чемпиондар лигасының жартылай финалына шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қайрат" футзалдан Чемпиондар лигасының жартылай финалына шықты Фото: instagram.com/basniksport

Алматылық "Қайрат" футзалдан Чемпиондар лигасының ширек финалында португалиялық "Бенфиканы" жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылық "Қайрат" футзалдан Чемпиондар лигасының ширек финалында португалиялық "Бенфиканы" жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесу хорватиялық Задарда өтіп, қазақстандық клубтың пайдасына 6:2 есебімен аяқталды.

16-минутта Гадейя есеп ашты. Бірақ португалиялықтар есепті жылдам теңестірді. 31-минутта Эдсон алматылықтарды алға шығарды.

Осы голдан кейін "Қайраттың" негізгі қақпашысы қызыл қағаз алды. Екінші ескертуінен кейін Игита алаңнан қуылды. Оның орнына 19 жастағы Нарұн Серіков алаңға шыққан. 35-минутта "Бенфика" таразы басын теңестірді.  

Осылайша, матчтың негізгі уақыты 2:2 есебімен аяқталды. Сондықтан командалар екі экстра-тайм ойнады. 

Бірінші экстра-таймның соңында Дәурен Тұрсағұлов қарсыласынан сытылып өтіп, "Қайраттың" үшінші голын соқты. 

Екінші бесминуттықта Гадейя дабл-пенальтиден гол салып, дубль жасады. Ақтық ысқырыққа бір минут қалғанда Фернандиньо көзге түсті. Ал соңғы секундтарда Біржан Оразов матч нүктесін қойды.

Енді жартылай финалда "Қайрат" испаниялық "Барселонамен" кездеседі. Испаниялықтар ширек финалда "Добовецті" 2:0 есебімен жеңді.

Айта кетейік, былтырғы маусымда Чемпиондар лигасында "Барселона" топ жарып, үш дүркін жеңімпаз атанған еді. Ал "Қайрат" бұл турнирде екі рет жеңіске жеткен. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети