07 наурыз 2014 | 10:37

"Қайсар" командасына тағы екі ойыншы қосылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Душан Савич. Сурет: footboom.com Душан Савич. Сурет: footboom.com

Футболдан Премьер-лигаға қайта оралған қызылордалық "Қайсар" өз қатарын тағы екі ойыншымен толықтырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Қызылордалық команданың сапына македониялық шабуылшы Душан Савич пен қазақстандық қорғаушы Алдан Балтеав қосылды. "Қайсар" басшылары екі ойыншымен де бір жылдық келісім-шартқа қол қойған. Душан Савич Югославияда дүниеге келген. Сербиялық "Црвена Звезда" командасының тәлімгері болып табылады. Осы уақытқа дейін румыниялық "Брашов", кореялық "Инчхон Юнайтед", өзбекстандық "Пахтакор", македониялық "Работнички" сынды командалардың сапында ойнаған. 2013 жылы футболшы "Волынь" командасының қатарында доп теуіп, 32 кездесуде 6 нәтижелі соққымен көзге түскен. Македония ұлттық құрамасының сапында тоғыз кездесуге қатысқан. Ал, Алдан Балтаев болса қызылордалықтарға жіті таныс. Ол ертеректе бұл команданың қатарында ойнаған. Былтыр Владимир Никитенконың шақыртуымен "Ақтөбе" командасының қатарына қосылған еді. Бірақ, "Ақтөбенің" негізгі құрамына іліге алмаған қорғаушы Қызылордаға қайта оралуды жөн көрген екен. Бір жылдық үзілістен соң Премьер-лигаға қайта оралған "Қайсар" биылғы маусымда үздік алтылықтың қатарына енуді мақсат етіп отыр. Бұлай айтуымызға да негіз бар. Команданың тізгінін ұстаған Дмитриий Огай клубты толығымен өзгертіп жатыр. Қазірдің өзінде клуб қатарын Дәмір Даутов, Мамаду Кулибали, Антон Землянухин Рақымжан Розыбакиев, Кирилл Шестаков сынды 18 жаңа ойыншы толықтырды. Дегенмен, бас бапкер маусым алдындағы бірінші баспасөз жиынында команда 70 пайызға ғана жасақталып үлгерді деген еді. Сондықтан да "Қайсар" сапынан ел біріншілігі басталғанға дейін біз әлі жаңа ойыншыларды көріп қалуымыз мүмкін.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети