"Қазақ терминаторы" ретінде танымал қазақстандық MMA спортшысы Мұратбек Қасымбай отандасы Еркебұлан Токтардың қырғызстандық Марсель Нурланбек уулудан жеңілісінен кейін үн қатты, - деп хабарлайды Tengri Sport спортшының әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап.
Қырғызстандық спортшы Қазақстанның MMA-дегі ең танымал өкілдерінің бірі Еркебұлан Тоқтарды төрешілер шешімімен жеңгеннен кейін, Мұратбек Марсельмен жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты.
"Сен меннен қашатын боласың! Егер менің көрермендерім бұл жекпе-жекті көргісі келсе, Марсельді белгілеңдер", - деп жазды желіде Қасымбай.
Еске салсақ, Нурланбек уулу мен Еркебұлан Тоқтардың жекпе-жегі демалыс күндері Армениядағы Hype FC 28 турнирі аясында өтті. Жекпе-жек барлық үш раундқа созылып, төрешілер шешімімен аяқталды.
Айта кетейік, Мұратбек Қасымбай — 2021 жылғы панкратионнан әлем чемпионы, кәсіби лигаларда ғана емес, пoп-MMA спортшысы ретінде де жекпе-жектер өткізеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еркебұлан Тоқтар — актёр, ұзақ уақыт пoп-MMA-де өнер көрсетіп, кейін кәсіби MMA-ге ауысқан, қазір рекорды 11-3.
Биыл Тоқтар Instagram-дағы жазылушылар саны бойынша UFC жартылай жеңіл салмақ рейтингіндегі бұрынғы екінші нөмірлі қазақстандық Шавкат Рахмоновтан озып кетті. Қазір Еркебұланда 2,2 миллион жазылушы бар, ал Шавкатта — 1,8 миллион.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!