Нұр-Сұлтан мектептерінде қазақша күрес сабақтары өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Нұр-Сұлтан мектептерінде қазақша күрес сабақтары өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Біздің басты мақсат - қазақша күреcті әлемдік деңгейге шығару. Сол себепті мектеп бағдарламасына осы қазақша күресті қоспақшымыз. 100 сағаттық оқу бағдарламасы әзірленді. Пилоттық жоба ретінде Нұр-Сұлтанның бес мектебінде бастаймыз. Қазақша күрес еліміздің барлық мектебінде оқытылуы үшін мамандарды тарту қажет", - деді ақпарат және қоғамдық даму министрі, Qazaq kuresi федерациясының президенті Дәурен Абаев.
Мамандарды дайындау үшін Нұр-Сұлтанда Қазақ ұлттық күрес академиясы ашылатын болды.
"Академия мамандарды оқытумен ғана емес, білікті арттырумен айналысады. Спорттың басқа да түрлері сияқты қазақша күреске де осылай қарауымыз қажет", - деді Абаев.