15 шілде 2019 | 09:14

Қазақстан 2019 жылғы Универсиада жүлдегерлеріне қанша ақша береді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ҚР ҰОК/Сали Сабиров © ҚР ҰОК/Сали Сабиров

Vesti.kz тілшісі Қазақстан 2019 жылғы жазғы Универсиада жүлдегерлеріне қанша сыйақы беретінін санады. 


Иконка комментария блок соц сети

Vesti.kz тілшісі Қазақстан 2019 жылғы жазғы Универсиада жүлдегерлеріне қанша сыйақы беретінін санады. 

Италияның Неаполінде ұйымдастырылған сайыс 3-14 шілдеде өткен еді. Оған әлемнің 118 елінен алты мыңға жуық студент қатысқан. Жеті медаль еншілеген Қазақстан жалпыкомандалық есепте 25-орын алған - команда сапында 94 спортшы өнер көрсеткен болатын. 

Құраманың жалғыз алтын медалін дзюдошы Ғалымжан Қырықбай жеңіп алған еді. Ал бес рет тұғырдың екінші сатысына шықты: гимнаст Нариман Құрбанов пен Милад Карими, жеңіл атлет Михаил Литвин, таеквондошы Смайыл Дүйсебай (87 келіге дейінгі салмақта) және Зоя Кравченко (стендтік ату). Сәрсенкүл Рысбекова (стендтік ату) қола медаль иеленген болатын.

ҚР үкіметінің 2014 жылы 19 желтоқсандағы қаулысы бойынша, Универсиадада бірінші орын алған спортшыға 15 мың доллар табысталады. Ал екінші орынға - 10 мың, үшінші орынға 5 мың доллардан беріледі. Дәл осындай сома спортшының бапкерлеріне де беріледі. 

Осылайша, Қазақстан Универсиададағы бір алтын, бес күміс және бір қола медаль үшін спортшыларға 70 мың доллар (26 миллион, 869 теңге) сыйақы береді. Жалпы алғанда, осы ойындардан кейінгі марапаттарға 140 мың доллар (53 миллион, 792 мың теңге) кетеді. Сыйақылар республикалық бюджеттен беріледі. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети