24 қаңтар 2014 14:17

Қазақстан ауыр атлетика федерациясы допинг-бақылауды күшейтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Қазақстан ауыр атлетика федерациясы спортшыларға допинг-бақылауды күшейтті, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Осылайша Халықаралық ауыр атлетика федерациясы мен Халықаралық антидопинг агенттінің алдындағы міндеттерін орындады. "2013 жылдың қарашасы мен желтоқсан айларында бапкерлер, спортшылар және басшылар жиналып, кезектен тыс алқалы мәслихатымызды өткіздік. Сөйтіп федерацияның ішкі саясатын талқыладық. Дәрігерлерге, бапкерлер мен спортшыларға тиісті тапсырмаларды бердік. Сондай-ақ, спортшылардың тамақтануын және дәрі-дәрмек ішуін қатаң бақылауға алу туралы шешім қабылдадық", - деп хабарланған Қазақстан ауыр атлетика федерациясы таратқан хабарламада. Допинг-бақылаудың қаншалықты, қалайша күшейгені туралы толығырақ мына жерден оқуға болады. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Татарстан астанасы Қазанда ұйымдастырылған жазғы Универсиада ойындарынан кейін жерлесіміз Фархад Харкидің ағзасынан тиым салынған дәрі табылған болатын. Харкиден бөлек, тағы бірнеше толағайымыз допингпен ұсталған. Содан кейін Қазақстан ауыр атлетика федерациясы бірден допингтік-бақылауды күшейту жайлы шешім қабылдаған. Дегенмен, 2013 жылы бірден тоғыз отандасымыздың допингпен ұсталуына байланысты федерациямыз 500 мың АҚШ доллары көлемінде айыппұл төлеуге тиіс болған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети