Қазақстан Азиаданың бір алтын және екі күміс медалін жеңіп алды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қазақстан құрамасының спортшылары Саппоро қаласында өтіп жатқан қысқы Азиа ойындарында бір алтын және екі күміс медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан құрамасының спортшылары Саппоро қаласында өтіп жатқан қысқы Азиа ойындарында бір алтын және екі күміс медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Алтын медальді қоржынға биатлоншы Ян Савицкий салды. Ол 10 шақырымға спринттен жарыста үздік болды. Екінші болып мәреге тағы бір қазақстандық Василий Подкорытов келді. Ол күміс медаль еншіледі.

Савицкий бір рет қана мүлт кетіп, қашықтықты 26 минут 59,2 секунд көрсеткішпен жүріп өтті. Ал Подкорытов екі рет мүлт кетіп, 15 секундқа кешігіп келді.

Тағы бір күміс медальді шаңғышы Елена Коломина бес шақырымға классикалық стильде жүгіруден жеңіп алды. Коломина мәреге 15:02.8 минут көрсеткішімен келіп, Жапония спортшысы Юки Кабаяшиден 6,7 секундқа қалып қойды. Ал қола медаль Қытай өкіліне бұйырды. 

Айта кетейік, Коломина бұл жарыста осымен үшінші медальді алып отыр. Бұған дейін ол 1,4 шақырымға классикалық стильде жүгіруден күміс, ал 10 шақырымға еркін стильде жүгіруден қола медаль жеңіп алған еді.

Осылайша Қазақстан құрамасының қоржынында қазіргі уақытта 10 медаль бар - екі алтын, төрт күміс және төрт қола медальдар. 

Бүгін, 23 ақпанда Саппорода қысқы Азиаданың бесінші күнгі жарыстары жалғасады. Жарыстың ресми сайты Қазақстан құрамасы қатысатын 6 спорт түрін көрсетеді. Солардың ішінде ең маңыздысы - әйелдер арасындағы биатлоннан Галина Вишневская қатысатын жарыс.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro