24 сәуір 2014 15:46

Қазақстан Азия ойындары мен әлем біріншілігінде үш алтыннан алуы керек - Алексей Ни

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алексей Ни. ©Ярослав Радловский Алексей Ни. ©Ярослав Радловский

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы Азия ойындары мен Алматыда өтетін әлем біріншілігінде үш алтыннан жеңіп алу керек. Бұл туралы ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері Алексей Ни Vesti.kz спорт порталына берген сұхбатында айтты. 


Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы Азия ойындары мен Алматыда өтетін әлем біріншілігінде үш алтыннан жеңіп алу керек. Бұл туралы ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері Алексей Ни Vesti.kz спорт порталына берген сұхбатында айтты. 

"Ауыр атлетикадан Қазақстан біріншілігінде Азия ойындары мен әлем чемпионатына қатысуы мүмкін деген зілтеміршілердің өнерін көрдік. Оның қорытындысы бойынша біз жылдың басты додасына қатысатын екі құрамды іріктеп алдық. 19-20 шілде күндері біз спортшыларды соңғы рет тексеріп, Азия ойындары мен әлем біріншілігіне нақты қатысатындарын анықтаймыз. Біз спортшыларды Анатолий Хропатыйды еске түсіру турнирінде немесе ұлттық құраманың жаттығу базасында тексереміз. Алдымызға екі додада да үш-үштен алтын медаль алу деген тапсырма қойылды. Тапсырмалардың басты қиындығы - турнирлердің өту аралығы бір ай ғана. Бір айдың ішінде спортшылар екі ірі додаға қатыса алмайды. Ал бізге жүктелген мақсаттар өте ауыр", - дейді Ни

Сонымен қатар бас бапкер екі бірдей додаға спортшыларды қалай бөлетінін де айта кетті. "Біздің басты мақсатымыз Азия ойындары. Себебі, сары құрлықтың басты ойындары төрт жылда бір келеді. Оны кіші Олимпиада ойындары десе де болады. Дегенмен, лицензиялық әлем біріншілігіне де көңіл бөлеміз. Себебі, біріншіден ол Алматыда өтеді. Екіншіден бұл әлем біріншілігі арқылы зілтеміршілер Олимпиада ойындарына деген ұпайларын жинай бастайды. Сондықтан да біз мықты спортшыларды екі топқа бөлдік. Ең мықтылары Азия ойындарына баратын болса, ал ол жаққа бара алмайтын зілтеміршілер Олимпиада чемпиондары Ильин, Манеза, Подобедова және Чиншанло сынды спортшылармен бірге әлем біріншіліге қатысады", - дейді бас бапкер. 

Одан бөлек Ни команданың дайындығын да  айтып берді. "Қазақстан чемпионатына Олимпиада ойындарының чемпиондары мен әлем чемпионатына қатысқан спортшылар келмеді. Сонымен қатар жарақатына байланысты Анна Нұрмахамбетова да қатыспады. Бірақ, біз оны тізімге қостық. Барлық зілтеміршілер бабында болу үшін, оларға арнайы дайындық жоспарын береміз", - деді Алексей Ни. 

Айта кетейік, Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізіміне 30 зілтемірші кірген. Олар алдағы уақытта екі топқа бөлініп  Азия ойындары мен әлем біріншілігінде Қазақстан намысын қорғайтын болады. 

 

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети