Фото
ҚР Президентінің жүлдесі үшін қазақ күресінен "Қазақстан барысы" республикалық турнирінің төртінші маусымына іріктеу жақын күндері басталады деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астанада "Қазақстан барысы" турниріне қатысты баспасөз мәслихатында Спорт және дене шынықтыру агенттігінің төрағасы Тастанбек Есентаев қазақ күресін дамытуға арналған көптеген шаралар ұйымдастырылғандығын атады. "Қазақ күресін дамытуға қатысты бірқатар шаруалар қолға алынып отыр. Былтыр халықаралық конференция өтті. "Жас барыс" турнирі биыл үшінші рет Павлодар қаласында өткізіледі. Жамбыл облысында "Еуразия Барысы" турнирі де ойдағылай атқарылды", - деді ол. Сондай-ақ, агенттік төрағасы еліміз бойынша қазақ күресімен 35 мың адам айналысатыдығын, олар үшін 500-ге тарта адам жұмыс істеп жатқандығын тілге тиек етті. "Осыған дейін 4 рет әлем, 9 рет Азия чемпионаты жалауын көтерді. Одан бөлек 1 Еуропа, 2 рет Әлем Кубогы өткізілді. Басты мақсатымыз қазақ күресін олимпиада және Азия Ойындарының бағдарламасына енгізу", - деді ол. Биыл "Қазақстан барысында" жылдағыдай 12 төреші жарысқа төрешілік етпейді. Оның орнына республикалық чемпионатта төрелік еткен судьялар емтихан арқылы алтауы іріктеліп алынбақ. Және олар қазылық барысында 15 сағат ешкіммен байланыспай, жарыс алдында 1 мың АҚШ долларын кепілдікке беретін болады. Жарысты ешқандай мінсіз атқарса, оған үстеме 5 мың АҚШ доллары берілмек. Егер керісінше болса, онда кепілге берілген ақшасы қайтарылмайды. Жоба авторы Арман Шораев та жаңа бастама ұсынды. Ол биылғы жарыста жүлде қорында ешқандай өзгеріс болмайтынын атады. Есесіне бас жүлдеге қол жеткізген балуанның бапкеріне 50 мың емес, 20 мың АҚШ доллары берілетін көрінеді. Ал 150 мың АҚШ долларымен қоса балуанға берілетін көлікті жарыста тамаша күресіп, көрермен көзайымы болған спортшыға берсек деген ұсынысты да Арман Шораев талқыға ұсынды. Жоба авторының айтуынша, бас жүлдеге ие болған балуанға онсызда жерлестері бірнеше көлікті сыйға тартады.
ҚР Президентінің жүлдесі үшін қазақ күресінен "Қазақстан барысы" республикалық турнирінің төртінші маусымына іріктеу жақын күндері басталады деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанада "Қазақстан барысы" турниріне қатысты баспасөз мәслихатында Спорт және дене шынықтыру агенттігінің төрағасы Тастанбек Есентаев қазақ күресін дамытуға арналған көптеген шаралар ұйымдастырылғандығын атады.
"Қазақ күресін дамытуға қатысты бірқатар шаруалар қолға алынып отыр. Былтыр халықаралық конференция өтті. "Жас барыс" турнирі биыл үшінші рет Павлодар қаласында өткізіледі. Жамбыл облысында "Еуразия Барысы" турнирі де ойдағылай атқарылды", - деді ол.
Сондай-ақ, агенттік төрағасы еліміз бойынша қазақ күресімен 35 мың адам айналысатыдығын, олар үшін 500-ге тарта адам жұмыс істеп жатқандығын тілге тиек етті. "Осыған дейін 4 рет әлем, 9 рет Азия чемпионаты жалауын көтерді. Одан бөлек 1 Еуропа, 2 рет Әлем Кубогы өткізілді. Басты мақсатымыз қазақ күресін олимпиада және Азия Ойындарының бағдарламасына енгізу", - деді ол.
Биыл "Қазақстан барысында" жылдағыдай 12 төреші жарысқа төрешілік етпейді. Оның орнына республикалық чемпионатта төрелік еткен судьялар емтихан арқылы алтауы іріктеліп алынбақ. Және олар қазылық барысында 15 сағат ешкіммен байланыспай, жарыс алдында 1 мың АҚШ долларын кепілдікке беретін болады. Жарысты ешқандай мінсіз атқарса, оған үстеме 5 мың АҚШ доллары берілмек. Егер керісінше болса, онда кепілге берілген ақшасы қайтарылмайды.
Жоба авторы Арман Шораев та жаңа бастама ұсынды. Ол биылғы жарыста жүлде қорында ешқандай өзгеріс болмайтынын атады. Есесіне бас жүлдеге қол жеткізген балуанның бапкеріне 50 мың емес, 20 мың АҚШ доллары берілетін көрінеді. Ал 150 мың АҚШ долларымен қоса балуанға берілетін көлікті жарыста тамаша күресіп, көрермен көзайымы болған спортшыға берсек деген ұсынысты да Арман Шораев талқыға ұсынды. Жоба авторының айтуынша, бас жүлдеге ие болған балуанға онсызда жерлестері бірнеше көлікті сыйға тартады.