15 мамыр 2014 16:58

"Қазақстан барысы" турниріне қатысатын алматылық балуандар анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақ күресінен "Қазақстан барысы" республикалық турниріне қатысатын алматылық балуандар анықталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Қазақстан барысы" қазақ күресін дамыту қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы қаласы бойынша өткен іріктеу бәсекесіне барлығы 14 балуан қатысты. Кіл жүйріктердің арасынан финалға Арслан Әбдіхамит пен Бақыт Смағұлов жеткен болатын. Финалдық сында Арслан қарсыласын қапы қалдырып, оқ бойы озық шықты. Сөйтіп бас жүлдегерге құны 1 млн теңге көлемінде ақшалай сыйлық  табыс етілді. Ал екінші орынға тұрақтаған Бақыт Смағұловқа 500 мың теңге табысталды. Жүлделі үшінші орын Жайдар Сайлаубаевтың еншісіне бұйырды.

29 маусымда өтетін республикалық "Қазақстан барысы" турниріне іріктеу сындары Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында өткен болатын. Алматы қаласы бойынша жеңімпаз атанған Арслан Әбдіхамит "Қазақстан барысы - 2013" турнирінің финалдық бәсекесіне қатысқан еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети