12 наурыз 2014 | 15:23

"Қазақстан барысы" турнирінің іріктеуіне селқос қараған өңірдің балуандары жарыстан шет қалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото kk.sport.gov.kz сайтынан алынды Фото kk.sport.gov.kz сайтынан алынды

"Қазақстан барысы" турнирінің төртінші маусымына қатысу үшін балуандарды іріктеу кезеңінде селқостық танытқан облыстың спортшылары жарыстан тыс қалады деп хабарлай Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстан барысы" қазақ күресін дамыту қорының төрағасы Арман Шораевқа сілтеме жасап. Осыған дейін үш мәрте жалауы желбіреген "Қазақстан барысы" турниріне кейбір өңірлерден көрерменге әбден танылған балуандар қатысып келеді. Осыған байланысты ұйымдастырушыларға "неліктен бір ғана балуан жылда қатыса береді?" деген сауал қойылған болатын. Осыған орай Арман Шораев: "Кейбір өңірлер жарыстың іріктеу турниріне селқос қарап келеді. Мысалы, бір облыста 10 аудан болса соның жартысында ғана іріктеу сыны өткізілген. Мысалы, Қарағанды облысында осындай жағдай орын алды. Біз осыған қатысты облыстың Спорт басқармасы басшылығына ескерту жасадық", - деді. Бұдан кейін мұндай жағдай қайталанса балуандар жарыстан шет қалуы мүмкін. "Бұл мәселе былтыр Шымкент қаласында өткен Қазақ күресінің отырысында айтылды", - деді Спорт және дене шынықтыру агенттігінің төрағасы Тастанбек Есентаев баспасөз отырысында. "Сондықтан биылғы іріктеуде осындай жағдай қайталанатын болса, бірден ол өңірдің балуандары турнирден тыс қалады", - деді Арман Шораев. Биыл "Қазақстан барысы" турнирі 29 маусымда Астана қаласында өтеді. Жарысты "Қазспорт" арнасы тікелей эфирде көрсететін болады.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети