"Қазақстан Барысын" өткізуге миллиард: ҚМА тексеруді бастады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазақстан Барысын" өткізуге миллиард: ҚМА тексеруді бастады Tengrinews.kz/Даниал Окасов

"Қазақстан Барысы" турнирінің бюджетін Қаржы мониторингі агенттігі тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның Telegram-арнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазақстан Барысы" турнирінің бюджетін Қаржы мониторингі агенттігі тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның Telegram-арнасына сілтеме жасап.

ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті соталды тергеу аясында "Қазақстан барысы" қазақ күресінен турнир өткізуге бөлінген 1,075 миллиард теңге бюджет қаражатының жұмсалу заңдылығын тексеріп жатыр.

"Басшылардан, мердігер өкілдерінен жауап алу, тінту және құжаттарды алуды қамтитын тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесін көздейтін басқа ақпарат жария етуге жатпайды", - делінен хабарламада.

"Қазақстан Барысы" Қазақстанда 2011 жылдан бері өткізіліп келеді, оның танымал қатысушысы - Жамбыл облысының балуаны Бейбіт Ыстыбаев, ол жарыста үш рет – 2012, 2015 және 2016 жылдары үздік шыққан. Бұл турнирде шығысқазақстандық спортшы Айбек Нұғымаров екі рет алтын белбеуді жеңіп алды. Мақсат Исағабылов 2022 жылғы чемпион атанды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети