19 мамыр 2014 | 10:12

"Қазақстан барысына" қатысатын қостанайлық балуандар анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ғабит Балғынбаев пен Михаил Твердохлебов Фото "Қазақстан барысы" баспасөз қызметі Ғабит Балғынбаев пен Михаил Твердохлебов Фото "Қазақстан барысы" баспасөз қызметі

Қазақ күресінен Ұлт Көшбасшысы – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жүлдесі үшін "Қазақстан Барысы" турнирінің финалына қатысатын Қостанай облысының балуандары анықталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстан Барысы" қазақ күресін дамыту қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақ күресінен Ұлт Көшбасшысы – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жүлдесі үшін "Қазақстан Барысы" турнирінің финалына қатысатын Қостанай облысының балуандары анықталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстан Барысы" қазақ күресін дамыту қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс орталығындағы мұз айдыны сарайында өткен іріктеу сынына 20 балуан қатысты. Олардың арасында "Қазақстан Барысы" додасының финалына тұрақты түрде қатысып жүрген тәжірибелі Мұрат Кеңтонов та бар еді. Алайда, Кеңтонов биылғы финалдан тыс қалып отыр. Аса тартысты белдесулер нәтижесінде "Қостанай Барысы" атағын Жангелді ауданының намысын қорғаған Ғабит Балғынбаев иеленді. Ғабит финалда Қостанай қаласының балуаны Михаил Твердохлебовты жеңген болатын. Енді екі балуан 29 маусым күні Астанадағы "Сарыарқа" велотрегінде өтетін финалдық сында Қостанай облысының намысын қолдан бермеуге тырысады.

Ұйымдастырушылар бірінші орын иегеріне 500 мың, екінші орын алған балуанға 300 мың теңге көлемінде сыйақы табыс етті.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети