Қазақстан Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында үшінші мәрте жеңіске жетті

Сұлу Бөлек
Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында үшінші мәрте жеңіске жетті © lanachessphotography

Қазақстан ерлер құрамасы Үндістандағы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасындағы үшінші матчте жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан ерлер құрамасы Үндістандағы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасындағы үшінші матчте жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

Алдымен қазақстандықтар турнирдің үшінші турында Ливанды (4-0) жеңді, содан кейін Марокко командасын (2,5-1,5) жеңді.

Бірінші матчте Ринат Жұмабаев, Әлішер Сүлейменов, Арыстанбек Оразаев және Қазыбек Нөгербек жеңіске жетті.

Нөгербек пен Оразаев Африкадан келген бәсекелестерін жеңді. Жұмабаев партияны теңестірді, ал Қажығалиев жеңіліп қалды.

Әйелдер құрамасында, үшінші турда Қазақстан құрамасы Перуды (3-1) жеңді, содан кейін Моңғолия командасымен (2-2) ұпай бөлісті.

Оңтүстік америкалықтармен өткен матчта партияны Бибісара Асаубаева, Гүлісхан Нахбаева және Ксения Балабаева жеңсе, Назерке Нұрғали жеңіліс тапты.

Моңғолдармен болған ойында Асаубаева мен Нахбаева тең ойнады. Балабаева жеңіске жетті, ал Нұрғали жеңіліп қалды.

44-дүниежүзілік шахмат олимпиадасы 28 шілдеде Үндістандағы Ченнайда басталды. 186 елдің өкілдері қатысатын жарыс 10 тамызға дейін өтеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети