19 наурыз 2014 | 15:34

Қазақстан дзюдошылары Анталияда екі алтын, бір қола жеңіп алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жеңіс тұғырында -  Жауынтаев. Фото: fdk.kz Жеңіс тұғырында - Жауынтаев. Фото: fdk.kz

Жақында Түркияның Анталия қаласында дзюдодан жасөспірімдер арасындағы Еуропа кубогы өтіп, онда Қазақстан жеткіншектері үш жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды, Tengrinews.kz. Ержеткендер арасындағы 60 келі салмақ дәрежесінде қызылордалық Бауыржан Жауынтаев бірінші орынға ие болып, алтынмен апталды. Ол алты белдесу өткізіп, бәрінде қарсыластарын айқын басымдықпен ұтты. Қыздар арасындағы 40 келі салмақта өнер көрсеткен астаналық Ақмарал Науатбек те топ жарып, Еуропа кубогының жеңімпазы атанды. Ал 48 келіде бақ сынаған тараздық Аида Қаршаева үшінші орынға ие болып, қола жүлдегер атанды. Жалпы, Анталиядағы Еуропа кубогы аясындағы белдесулерге әлемнің 16 мемлекетінен 400-ге тарта балуан қатысты. Қазақстан жасөспірімдер құрамасы түрік жеріндегі белдесулерге 21 дзюдошыны үкілеп қосқан болатын. Енді осы жүлдеге іліккен балуандарымыз бен құрама сапындағы басқа да қыз-жігіттеріміз Еуропа кубогының үш кезеңдік белдесулеріне қатысады. Негізі, олар үшін ең жауапты сын – тамыз айында Нанкинде (Қытайда) өтетін жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындары.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети